6 сағат бұрын
Қытайлық футбол командасы «Қайратпен» тәжірибе алмасты
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Қытайлық «Шанхай Шэньхуа» футбол клубының бас директоры Ван Шувэй бастаған делегация «Қайрат» футбол клубының жаттығу базасына келді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Сапар барысында қонақтарға клубтың инфрақұрылымы, соның ішінде жаттығу алаңдары, медициналық және қалпына келтіру бөлмелері, тамақтану орындары мен футболшылардың дайындығын қамтамасыз ететін басқа да нысандар таныстырылды.
Клуб басшылары жаттығу процесін ұйымдастыру, медициналық сүйемелдеу, ойыншыларды қалпына келтіру бағыттарында тәжірибе алмасты. Сондай-ақ инфрақұрылымды, футболшыларды дайындау жағдайларын, спорт нысандарын пайдалану тәсілдерін салыстыруға ерекше назар аударылды.
Қонақтар таныстырылған шешімдерге қызығып, қытайлық клубта қолданылатын тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу «Қайрат» ФК мен «Шанхай Шэньхуа» арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың идеялары мен келешегін талқылауға да мүмкіндік берді.
Біздің серіктес: Sport12kz