4 сағат бұрын
Наурызбек Жагоров: «Фарер аралдарына қарсы матчқа толық дайынбыз»
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Фарер аралдарына қарсы матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Біз ертеңгі ойынға толықтай дайынбыз. Соңғы ойындағы нәтиже біздің көңілімізден шықпады. Сондықтан ертеңгі ойында жанкүйерлерді қуантып, өзімізге қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін барымызды саламыз.
Молдовамен өткен ойында алғашқы минуттардан бастап бізге агрессивті футбол жетпеген секілді. Екінші тайм басталған бойда бұрыштамадан гол жіберіп алдық. Содан кейін өз ойынымызды тапқандай болдық, шабуылға көбірек шығып, қауіпті сәттер көп жасадық. Бірақ ойынды өз пайдамызға шешуге уақыт жетпей қалды деп ойлаймын.
Қарсыластың ойынына келетін болсақ, Фарер аралдары құрамасының өзіне тән ерекшеліктері бар. Ойын күреске толы болады деп ойлаймын.
Ертеңгі ойынға біз толық дайынбыз. Барлығына дайын болып, өз ойынымыздан бас тартпаймыз. Құрамамыз кез келген сынға төтеп беруге дайын», - деді Наурызбек Жагоров.
Біздің серіктес: Sport12kz