8 сағат бұрын
Ұлттар лигасы: Қазақстан - Фарер аралдары кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды
Фото: ҚФФ
Бүгін футболдан UEFA Ұлттар лигасы төртінші турында Қазақстан - Фарер аралдары кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында қарсыластар бір-біріне шабуыл жасауға тырысты. Десе де қазақстандық футболшылар фарерлік құраманың қақпасына дәл соққы жасай алған жоқ. Есесіне олардың қатарынан Петур Кнудсен 22-минутта мергендік танытты.
Осылайша Қазақстан құрамасы бірінші кезеңнен кейін қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберіп жатыр.
Бұл ойында Кристо Тохвер бастаған эстониялық мамандар төрешілік етеді. Оған отандастары Силвер Кыйв пен Сандер Сага көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі – Карл Коппел.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасы үш ойын өткізіп үлгерді. Алдымен Фарер аралдарымен (1:1) тең түссе, одан кейін Словакия (1:2) мен Молдова (1:2) құрамасына есе жіберді.
Біздің серіктес: Sport12kz