6 сағат бұрын
Қазақстан U21 құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңін сәтсіз аяқтады
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынында бүгін, 6 қазанда Молдоваға қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында қазақстандық футболшылар алғашқы минуттарда сәтті ойын көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан 13-минутта Саиф Попов мергендік танытса, 38-минутта Мирас Оматай есепті ұлғайта түсті.
Ал 43-минутта молдовалық Василе Лукица көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Есесіне отандастарымыз екінші кезеңде сүреңсіз ойынымен көзге түсті. Құрама сапына Мирас Оматай 50, Сұлтан Сқаров 75-минутта алаңнан қуылып кетті. Молдовалық Василе Лукица 45-минутта осындай жазаға тартылды.
Молдовалық Сергей Цуркан 72, 90-минутта екі гол соғып, өз құрамасына жеңіс сыйлады.
Осылайша отандастарымыз қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберіп, өз тобында 4 ұпаймен соңғы орынды місе тұтты.
Ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Саятхан Құсайынов («Тұран»), Шерхан Қалмұрза («Қайрат»), Мирас Рихард («Ертіс»).
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Саламат Жұмабеков (екеуі де - «Қайсар»), Санжар Әнуаров («Астана»), Әли Тұрғанов («Ордабасы»), Рамазан Кәрімов, Сағи Мәлікайдар (екеуі де – «Ертіс»), Сергей Иванов («Алтай»).
Жартылай қорғаушылар: Сэйф Попов («Алтай»), Ахметали Қалтанов («Астана»), Жансұлтан Мұхамедханов («Оқжетпес»), Мұхамедәлі Әбіш, Олжас Байбек («Қайрат»), Мирас Оматай («Елімай»), Әбинұр Нұрымбет («Ордабасы»), Никита Губарев («Қызылжар»)
Шабуылшылар: Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»), Мансұр Бірқұрманов («Қайрат»), Артем Литош («Шахтер»), Ян Труфанов («Атырау»).
Қазірге дейін Андорраны 1:0 есебімен жеңіп, Молдовамен 1:1 есебімен тең түссе, Англиядан 0:2, 2:4, Андоррадан 0:1, Словакиядан 1:2, 1:3 және Ирландиядан 0:1, 3:4 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетсек, Қазақстан U-16 құрамасы Грузияда халықаралық турнирге қатысады.
Біздің серіктес: Sport12kz