5 сағат бұрын
Максим Самородов Фарер аралдарымен кездесуде үздік ойыншы болды
Фото: ҚФФ
Flashscore.com сайты футболдан Ұлттар лигасы төртінші турындағы Қазақстан - Фарер аралдары кездесуінде (2:2) үздік және нашар ойын көрсеткен футболшыларды жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесуде ел құрамасы сапынан Максим Самородов үздік ойыншы атағын жеңіп алды. Шабуылшы нәтижелі пас және шеберлігі үшін сайт тарапынан 8,1 баллға ие болды.
Сайт тарапынан кездесу барысында қақпашы Темірлан Анарбеков пен шабуылшы Станислав Басманов төменгі деңгейде ойын көрсетті деп бағаланды. Бұл футболшылар небәрі 6,3 баллға лайық деп танылды.
Енді отандастарымыз алдағы ойынын 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы өткізеді.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасы үш ойын өткізіп үлгерді. Алдымен Фарер аралдарымен (1:1) тең түссе, одан кейін Словакия (1:2) мен Молдова (1:2) құрамасына есе жіберді.
Біздің серіктес: Sport12kz