5 сағат бұрын
Джон ван ’т Шкип: «Бұл нәтижені екі ұпай жоғалттық деп қабылдаймыз»
Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасы аясында өткен Фарер аралдарына қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
«Екі жаққа да кезектескен, өте ауыр әрі тартысты матч болды деп ойлаймын. Ойын ашық өтті, алғашқы 20 минутта біз өте жақсы ойнадық. Бірақ гол жіберіп алғаннан кейін сенімділіктен айырылып, ойын тізгінін сәл уыстан шығарып алдық. Осылайша Фарер құрамасы өз ойынын жүргізе бастады.
Екінші таймда, қарымта шабуылдан соң. Иә, бізге қайтадан тәуекелге баруға тура келді. Прессингтің және қарсыластың сол қапталдағы қорғаушысы екінші сары қағаз алып қалғанының арқасында, Малыйдың соққан голымен ойынға бірден қайта оралдық. Одан кейін таразы басын теңестіріп, есепті 2:2 қылдық.
Өкінішке қарай, кейінірек Малый қызыл қағаз алып қалды. Ойын 2:2 есебімен аяқталды, сондықтан бұл нәтижені бір ұпай жинамай, екі ұпай жоғалттық деп қабылдап тұрмыз», - деді Джон ван ‘т Шкип.
Біздің серіктес: Sport12kz