11 сағат бұрын

Аргентина Мессидің қоштасу матчында ірі жеңіске жетті

Аргентина Мессидің қоштасу матчында ірі жеңіске жетті

Аргентина құрамасы Бенинді ірі есеппен жеңіп, Лионель Мессидің ұлттық құрама сапындағы соңғы матчын жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жолдастық кездесу 3:0 есебімен Аргентинаның пайдасына аяқталды. Үш гол да екінші таймда соғылды.

48-минутта Николас Отаменди Мессидің пасынан кейін есеп ашты. Араға 13 минут салып Николас Пас Аргентина құрамасының басымдығын еселеді. Бұл голдың авторына да нәтижелі пас берген — 39 жастағы Месси.

71-минутта Аргентина капитаны өзі де мергендік танытты. Месси пенальтиді сәтті орындап, матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Осылайша, Лионель Месси ұлттық құрамадағы соңғы кездесуін бір гол және екі нәтижелі паспен аяқтады.

Айта кетейік, Месси — 2022 жылғы әлем чемпионы. Ол Аргентина құрамасы сапында ең көп матч өткізген және ең көп гол соққан футболшы саналады.



Біздің серіктес: Sport12kz