11 сағат бұрын

Беларусь құрамасы Финляндияны минималды есеппен жеңді

Беларусь құрамасы Финляндияны минималды есеппен жеңді

Беларусь құрамасы Ұлттар лигасының төртінші турында Финляндияны жеңіп, күтпеген нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Будапештте (Венгрия) өткен кездесу беларусьтердің 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз гол ойын басталғанына небәрі 14 секунд өткенде соғылды. Артем Шуманский қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасына ерте жеңіс сыйлады.

15-минутта Беларусь тағы бір гол соғуға мүмкіндік алды. Алайда қорғаушы Захар Волков пенальтиді пайдалана алмады.

Бұл кездесуде ҚПЛ-да өнер көрсететін «Тобол» шабуылшысы Виталий Лисакович те алаңға шықты. Ол екінші таймның басында, 46-минутта ойынға қосылды.

Ал Финляндия құрамасының сапында «Қайрат» шабуылшысы Ойва Юккола 68-минутта алаңға шықты.

Осылайша, Беларусь құрамасы Ұлттар лигасындағы төрт турдан кейін жеті ұпай жинады.



Біздің серіктес: Sport12kz