11 сағат бұрын
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы жағдайы қандай?
Ұлттар лигасының С дивизионы 3-тобында төртінші турдың барлық матчтары аяқталды. Қазақстан құрамасы топта төртінші орында тұр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Астанада өткен кездесуде Қазақстан Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті. Құрамамыз сапынан Сергей Малый 68-минутта, Нұралы Әліп 76-минутта гол соқты. Қонақтардан Петур Кнудсен мен Геза Давид Тури мергендік танытты.
Топтағы екінші матчта Словакия сырт алаңда Молдованы 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Словакия сапында Давид Стрелец, Томаш Суслов, Давид Ганцко және Лукаш Гараслин гол соқты.
Осы нәтижелерден кейін С дивизионының 3-тобындағы турнир кестесі мынадай:
Словакия — 10 ұпай;
Фарер аралдары — 4 ұпай;
Молдова — 4 ұпай;
Қазақстан — 2 ұпай.
Біздің серіктес: Sport12kz