11 сағат бұрын
Кнудсен:”Қазақстан тең нәтижеге лайық болған жоқ”
Фарер аралдары құрамасының шабуылшысы Пе́тур Кнудсен Қазақстанға қарсы Ұлттар лигасының матчынан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Командалар Астанада өткен кездесуде 2:2 есебімен тең түсті. Фарер аралдары алғашқы таймда екі гол соғып, басымдыққа ие болғанымен, кейін Қазақстан құрамасы есепті теңестірді.
Кнудсеннің айтуынша, Қазақстан құрамасы тең нәтижеге лайық болмаған.
«Менің өзімде тағы бірнеше мүмкіндік болды. Олар тең есепке лайық емес еді. Алайда халықаралық деңгейдегі матчта қызыл қағаз алған кезде осындай жағдай болуы мүмкін», — деді шабуылшы.
28 жастағы футболшы бұл кездесуде ұлттық құрама сапындағы ресми матчтағы алғашқы голын соқты. Ол Йоаннес Бьярталида берген бұрыштамадан кейін баспен дәл соққы жасап, есепті 2:0-ге жеткізді.
Кнудсен қазіргі бапкерлер штабы келгенге дейін ұлттық құрамада көп мүмкіндік ала алмағанын атап өтті. Оның сөзінше, бұған дейін де бірнеше гол соғуы мүмкін болған, ал Қазақстанға қарсы ойында бір емес, бірнеше рет мергендік танытуға мүмкіндік болған.
Сонымен қатар ол Бьярталида соққаннан кейін допқа жетуге тырысқан сәтін де еске алды. Шабуылшы допқа қарай ұмтылғанымен, жағдайды дұрыс есептей алмағанын айтты.
Соған қарамастан, Кнудсен Фарер аралдарының көрсеткен ойынына мақтанатынын жеткізді. Оның пікірінше, Мартин Агнарссон алаңнан қуылғанға дейін командасының басымдығы одан да жоғары болуы керек еді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен болған матчтан кейін Ұлттар лигасының С дивизионындағы 3-топта төрт ұпаймен соңғы орында тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz