11 сағат бұрын
Сергей Малый: «Қазақстан құрамасы дұрыс бағытта келе жатыр»
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Ұлттар лигасындағы төрт матчтан кейін команданың өнеріне баға берді, деп хабарлайды Sport12.kz .
Төрт турдан кейін Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы, төртінші орында тұр. Джон ван ’т Схип шәкірттерінің еншісінде екі ұпай бар.
Малыйдың айтуынша, бапкер командадан алаңда жинақы әрі тығыз ойнауды талап етеді. Қазақстан құрамасы шабуыл кезінде қанаттарды тиімді пайдалануға тырысып жүр.
«Бапкер бізден тығыз ойнауды сұрайды. Біз жинақылықты сақтап, қанаттар арқылы ойнауға тырысамыз. Бүгін жүйені өзгертіп, сәл басқаша ойнадық. Меніңше, дұрыс бағытта келе жатырмыз.
Барлығы психологияға байланысты. Біз үшін нәтиже бірінші орында тұр. Осыған байланысты кейде мазмұнды әрі сапалы ойын көрсете алмай қаламыз», — деді Қазақстан құрамасының қорғаушысы.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы келесі кездесуін 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz