9 сағат бұрын
Қазақстан құрамасының Фарер аралдарына қарсы матчындағы үздік ойыншы аталды
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Вячеслав Эрбес Фарер аралдарына қарсы Ұлттар лигасындағы матчта (2:2) көзге түскен қазақстандық футболшыны атады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Эрбестің таңдауы екінші таймда алаңға қосылған Жасұлан Әмірге түсті. Сарапшы оның ойынға шыққаннан кейін бірден белсенділік танытып, шабуылды алға жылжытуға тырысқанын атап өтті.
«Фарер аралдарына қарсы матчта екінші таймда алаңға шыққан Жасұлан Әмірдің ойынын ерекше атап өткім келеді. Оның алғашқы пасынан-ақ допты алға қарай қабылдап, ойынды шиеленістіруге тырысқаны байқалды. Ол алаңға шыққанға дейін мұндай әрекетті ешкімнен көрмедік. Енді ол — Қазақстандағы менің басты кумирім. Оның ойынына бұған дейін де бірнеше рет жоғары баға бергенмін», — деді Эрбес.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы келесі матчын 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz