8 сағат бұрын

Месси ұлттық құрамадағы мансабы аяқталғаннан кейін мәлімдеме жасады

Месси ұлттық құрамадағы мансабы аяқталғаннан кейін мәлімдеме жасады

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұлттық құрамадағы соңғы матчынан кейін мансабының аяқталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

39 жастағы шабуылшы қоштасу кездесуінде Бенинге қарсы алаңға шығып, Аргентинаның 3:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты. Месси бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Ойын аяқталған соң футболшы «Монументаль» стадионында жанкүйерлерге үндеу жасап, ұлттық құрама сапында өткізген 20 жылдан астам уақытын ерекше атап өтті.

«Қазір сөйлеу қиын. Көп эмоция бар, басымда түрлі ой жүр. Ең алдымен әкемді ойлап тұрмын. Осы уақыт бойы, 20 жылдан астам, бұл жейдені кию мен үшін үлкен мақтаныш болды.
Енді бұл жерге қайта келмейтінім маған ауыр тиеді. Өмір бойы осында келгім келер еді. Өйткені Аргентина құрамасында ойнау — адам басынан өткере алатын ең керемет дүниелердің бірі», — деді Месси.

Аргентиналық футболшы жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтып, енді ұлттық құраманы алаңнан тыс жерде, жанкүйерлермен бірге қолдайтынын жеткізді.

Бұл матч Мессидің Аргентина құрамасы сапындағы 208-ойыны болды. Ол ұлттық құрамадағы соңғы голын 71-минутта пенальтиден соқты. Осылайша, Мессидің Аргентина құрамасындағы гол саны 126-ға жетті.



Біздің серіктес: Sport12kz