7 сағат бұрын

Қазақстан шорт-тректен әлем кубогына баратын құрамын жариялады

Қазақстан шорт-тректен әлем кубогына баратын құрамын жариялады

Қазақстан конькимен жүгіру спорты федерациясы шорт-тректен әлем кубогының алғашқы екі кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ұлттық құрама сапына Глеб Ивченко, Богдан Вехов, Айбек Нәссен, Айбек Темірхан, Тамирлан Жолдас, Мақсат Уәлиулла, Малика Ермек, Алина Ажғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Гүлдана Жалмұқан және Полина Омельчук енді.

Әлем кубогының алғашқы кезеңі 23-25 қазан аралығында Ванкуверде өтеді. Ал екінші кезең 30 қазаннан 1 қарашаға дейін Монреальда ұйымдастырылады. Екі жарыс та Канадада өтеді.



Біздің серіктес: Sport12kz