2 сағат бұрын
Қазақстандық 17 жастағы футболшы Бельгияның «Генк» клубымен келісімшарт жасасты
Қазақстандық футболшы Шахмұрат Дәулетов кәсіби деңгейдегі алғашқы келісімшартына қол қойды. Енді 17 жастағы ойыншы Бельгияның төрт дүркін чемпионы «Генк» сапында өнер көрсетеді.
Үш жылға есептелген келісім бойынша Дәулетов 77-нөмірлі жейдені киеді. Ол негізінен оң қанатта ойнайды.
Қазақстандық шабуылшы 2024 жылдан бері «Генк» академиясында жаттығып келеді. Жас футболшы бұған дейін «Аякс» U-19 командасына қарсы кездесуде гол соқса, жақында «Фортунамен» жолдастық ойында клубтың негізгі құрамында дебют жасады.
Дәулетовтің келесі қадамы «Йонг Генк» сапындағы ойын болуы мүмкін. Команда 11 қазанда Бельгияның екінші дивизионында «Патро Эйсденке» қарсы ойнайды.
Клуб жас ойыншыны негізгі құрамға біртіндеп бейімдеуді жоспарлап отыр.
Біздің серіктес: Sport12kz