2 сағат бұрын

«Арсенал» бас бапкерімен жаңа келісім жасасты

«Арсенал» бас бапкерімен жаңа келісім жасасты

Лондонның «Арсенал» клубы бас бапкері Микель Артетамен келісімшартын ұзартты. Испаниялық маман командамен 2030 жылдың жазына дейін жұмыс істейді.

44 жастағы Артета «Арсеналды» 2019 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді. Бұл оның ересектер футболындағы бас бапкер ретіндегі алғашқы қызметі. Оған дейін испаниялық маман «Манчестер Ситиде» Хосеп Гвардиоланың көмекшісі болған.

Клуб Артетамен бірге оның жаттықтырушылар штабындағы мамандардың да келісімшарттары ұзартылғанын хабарлады.




Біздің серіктес: Sport12kz