6 сағат бұрын
Футболдан ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы Ирландиямен кездесуге дайындалуда
Фото: ҚФФ
Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Ирландияға қарсы екі кездесуге дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Оқу-жаттығу жиыны жалғасуда. Команда алдағы Ирландия құрамасына қарсы ойынға қызу дайындалып жатыр.
Бұл ойындар 9 қазанда Қазақстан уақытымен 16:00-де «Астана Арена» стадионында өтсе, 13 қазанда 23:30-да Ирландияның Корк қаласындағы «Парк И Кив» стадионында болады.
Қазақстан әйелдер құрамасы маусым айында 2027 жылы әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңінде С дивизионының 6-тобында Беларусь және Армения құрамаларымен сынға түсті. Бегайым Қырғызбаеваның шәкірттері 7 ұпай жинап, топта екінші орынды иеленді. Осылайша олар С лигасындағы екінші орын алған үздік құрамалар қатарына еніп, олар плей-офф кезеңінің бірінші раундына өтті. Отандастарымыз Армения (3:0, 1:1), Беларусь (1:0, 0:1) құрамаларымен шеберлік байқасты.
Жарыс ережесі бойынша өтпелі матчтарда А, В және С лигасы құрамалары 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама үшін бақ сынайды. Бұл кезеңде жалпы есепте 7 тікелей жолдама және 1 құрлықаралық плей-офф жолдамасы сарапқа салынады.
Еске салсақ, Қазақстан Премьер-лигасының 28-тур ойындарына төрешілер тағайындалды.
Біздің серіктес: Sport12kz