5 сағат бұрын
Жалақы алмаған «Жетісудың» сербиялық легионері еліне кетіп қалды
Фото: Марко Зивановичтың парақшасынан
Талдықорғандық «Жетісу» командасының сербиялық шабуылшысы Марко Зиванович Қазақстан чемпионатындағы алдағы ойындарға қарамастан еліне кетіп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Оған басты себеп - қаржы мәселесі. Команда ойыншылары бірнеше айдан бері жалақы алған жоқ. Сондықтан сербиялық футболшы еліне ертерек кетуге мәжбүр болды.
Биылғы маусымда Марко Зиванович 24 кездесуде бес гол соғып үлгерді.
Біздің серіктес: Sport12kz