4 сағат бұрын
Ертең футболдан Бірінші лиганың ХХІV тур ойындары басталады
Фото: kffleague.kz/
Бұл ойындар 8 және 9 қазан күндеріне белгіленген., деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнирлік кестенің көш басында келе жатқан «Шахтер» бұл жолы өз алаңында Шымкенттің «Академия Оңтүстік» командасын қабылдайды. Ал, түркістандық «Тұран» сырт алаңда Оралдың «Жайық» клубымен шеберлік байқасады.
Ойындар кестесі
8 қазан
15:00. «Елімай-2» (Семей) - «Арыс» (Түркістан облысы)
15:00. «Шахтер» (Қарағанды) - «Академия Оңтүстік» (Шымкент)
16:00. «Каспий-2» (Ақтау) - «Астана-2»
16:00. «Ақтөбе-2» (Қарағанды) - «Тобыл-2» (Қостанай)
9 қазан
15:00. «Батыр» (Павлодар облысы) - «Хан тәңірі» (Алматы)
16:00. «Хан тәңірі» (Алматы) - «Қайрат-2» (Алматы)
16:00. «Жайық» (Орал) - «Тұран» (Түркістан)
Бірінші лигада 23-турдан кейін «Шахтер» 62 ұпаймен көш басында келе жатса, одан кейінгі орындардағы «Қайрат-2» клубының 56, «Тұранның» 50 ұпайы бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын Бірінші лигада «Шахтер» мен «Тараз» тең тарқасты.
https://informsports.kz/kk/brnsh-liga-shahter-men-taraz-ten-tarkasti-a9014f63
Ақбота Тұрсынбек.
Біздің серіктес: Sport12kz