4 сағат бұрын
Қазақстан блайнд-футболдан Чехиядағы халықаралық турнирде чемпион атанды
Фото. Paralympic.kz
Қазақстанның блайнд-футболдан ұлттық құрамасының ойыншылары Чехия астанасында өткен халықаралық турнирде бірінші орынға ие болып, Германия, Грекия және Чехия құрамаларынан басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасы турнирді 100% жеңіс көрсеткішімен аяқтап, өз қақпасына бірде-бір гол жіберген жоқ.
Турнир аясында спортшыларымыз Германия мен Грекия командаларына қарсы бес матч өткізіп, бес жеңіске жетті. Жалпы есеп — 11:0. Плей-офф кезеңінде қазақстандықтар жартылай финалдан сенімді өтіп, финалда 1:0 есебімен жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды.
Бұл нәтиже команданың халықаралық аренадағы сәтті ойындарының жалғасы болды. Бұған дейін отандық спортшылар Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алып, АҚШ-та өткен халықаралық «Достық кубогының» иегері атанған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz