Матч орталығы
КХЛ Хоккей Трактор Трактор 0:2 Аяқталды Амур Амур КХЛ Хоккей Динамо Минск Динамо Минск 4:2 Аяқталды СКА СКА КХЛ Хоккей СКА СКА 21:10 08.10 Динамо Минск Динамо Минск Еуролига Баскетбол Бавария Бавария 87:94 Аяқталды Виртус Виртус Челленджер Палермо Теннис Габриэле Пираино Габриэле Пираино 0:2 Аяқталды Энрико Далла Валле Энрико Далла Валле Еуролига Баскетбол Панатинаикос Панатинаикос 92:74 Аяқталды Фенербахче Фенербахче Еуролига Баскетбол Валенсия Валенсия 93:82 Аяқталды Хапоэль Тель Авив Хапоэль Тель Авив Еуролига Баскетбол Реал Реал 86:76 Аяқталды Партизан Партизан НХЛ Хоккей Вегас Вегас 07:00 Бүгін Торонто Торонто Шанхай мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 12:30 Бүгін Томаш Махач Томаш Махач Чемпионат Европы для игроков U19 (Женщины) Футбол Чехия U19 (Қ) Чехия U19 (Қ) 14:00 Бүгін Қазақстан U19 (Қ) Қазақстан U19 (Қ) Әлем чемпионаты, іріктеу, қыздар Футбол Қазақстан (Қ) Қазақстан (Қ) 16:00 Бүгін Ирландия (Қ) Ирландия (Қ) Суперлига Футбол Галатасарай Галатасарай 22:00 Бүгін Касымпаша Касымпаша Про-лига Футбол Аль-Наср Аль-Наср 23:00 Бүгін Аль-Драих Аль-Драих Эредивизи Футбол ПСВ ПСВ 23:00 Бүгін Херенвен Херенвен Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 23:30 Бүгін Вердер Вердер Лига 1 Футбол Ланс Ланс 23:45 Бүгін Лион Лион Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 00:00 Ертең КПР КПР Ла Лига Футбол Малага Малага 00:00 Ертең Эспаньол Эспаньол Примейра-лига Футбол Брага Брага 00:15 Ертең Спортинг Спортинг

6 сағат бұрын

Скотт Ман Қазақстан құрамасы жайында пікірін білдірді

Скотт Ман Қазақстан құрамасы жайында пікірін білдірді

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы Бас хатшысы Скотт Ман Қазақстан ұлттық құрамасының соңғы ойындарына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

«Қайырлы күн! Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының соңғы ойындарына қатысты пікір білдіргім келеді.

Біріншіден, құрама ойыншыларын ұдайы қолдап, әрдайым жанынан табылатын барша жанкүйерге алғыс айтамын. Біз сіздердің қолдауларыңызды сеземіз әрі соңғы нәтижелердің көңіл көншітпейтінін толық түсінеміз.

Федерация өз міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сіздердің реніштеріңіз орынды, соңғы ойындардағы көрсеткіштердің сын көтермейтінін де біліп отырмыз. Біз үшін осы жағдайдың себеп-салдарын нақты бағалап, бапкерлер штабынан бастап, ойыншылар, техникалық қызметкерлер мен ұлттық құрамалар бөлімінің жұмысын жан-жақты сараптау өте маңызды. Біз жағдайға қатаң әрі әділ баға беріп, жедел әрі нақты шешімдер қабылдауымыз керек.

Алда әлі екі ойынымыз бар. Осы матчтарға тыңғылықты дайындалып, жанкүйерлер күткен деңгейде өнер көрсетуіміз қажет. Елдің, федерацияның және сіздердің алдарыңызда құрама намысын абыроймен қорғау үшін барымызды салуға тиіспіз.

Осы ойындардан кейін жағдайды толық сараптаймыз. Мен бүгін техникалық топқа тек бас команданың ғана емес, барлық жасөспірімдер құрамаларының, бапкерлер мен ойыншылардың, сондай-ақ оларды қамтамасыз ететін мамандардың жұмысына терең талдау жүргізуді тапсырдым. Бұл бізге алдағы даму бағытымызды айқындауға мүмкіндік береді.

Алдағы апталарда қысқа және ұзақ мерзімде нәтижені жақсарту үшін нақты қандай қадамдар жасайтынымызды хабарлаймыз. Ел мақтанышына айналу, жанкүйерлерге айқын бағыт-бағдар беру және алаңға шыққан әрбір ойыншының табысқа жетуіне толық жағдай жасау – біз үшін басты мақсат.

Қолдауларыңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Табысқа жету жолында аянбай еңбек ететінімізге уәде беремін», - деп жазылған хабарламада.

2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті Скотт Энтони Маннды 2030 жылдың 12 шілдесіне дейін Бас хатшы қызметіне тағайындауды бекітті. Скотт Манн 2026 жылдың 13 шілдесінде өз қызметіне кіріседі.

Бұл тағайындау қазақ футболы тарихында алғаш рет болып отыр. Федерация басшылығына Англия Премьер-лигасында жұмыс өтілі бар, Еуропаның беделді клубтық турнирінің бірінде жеңіске жеткен тәжірибелі маман тағайындалды.

С.Манн федерацияның жаңа басшылығы бастаған реформаларды жалғастырады. Оған төрешілік жүйесін жетілдіру, академиялар мен инфрақұрылымды дамыту, клубтарды басқару және лицензиялау стандарттарын арттыру, тұрақты коммерциялық және медиа базаны қалыптастыру, сондай-ақ УЕФА және ФИФА ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту міндеті қойылды.


Біздің серіктес: Sport12kz