6 сағат бұрын
Бьорн Йонсен үшінші мәрте үздік ойыншы атанды
Фото: pflkaz
«Ордабасы» шабуылшысы Бьорн Йонсен биыл үшінші мәрте айдың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Йонсен кәсіби мансабында Норвегия, Португалия, Нидерланд, Оңтүстік Корея, Грузия, АҚШ, Шотландия және Болгария чемпионаттарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ 2017-2021 жылдар аралығында Норвегия құрамасы сапында 16 матч өткізіп, 5 гол соққан.
Айта кетейік, өткен жылы шабуылшы Кутаисидің «Торпедо» клубы сапында УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде «Ордабасы» қақпасына дубль авторы атанған еді.
Футболшы мансабында 381 матчқа қатысып, 147 гол соғып, 23 нәтижелі пас берген.
Норвегиялық шабуылшы 14 ойыннан кейін 11 голдың авторы атанып, сұрмергендер көшінде бірінші орында тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz