4 сағат бұрын
Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына шыға ала ма?
Фото: ҚФФ
Қазақстан әйелдер құрамасы Астанада әлем чемпионаты іріктеу кезеңі плей-офф сатысында ертең, 9 қазанда елордада Ирландиямен алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл ойындар 9 қазанда Қазақстан уақытымен 16:00-де «Астана Арена» стадионында өтсе, 13 қазанда 23:30-да Ирландияның Корк қаласындағы «Парк И Кив» стадионында болады.
Қазақстан әйелдер құрамасы маусым айында 2027 жылы әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңінде С дивизионының 6-тобында Беларусь және Армения құрамаларымен сынға түсті. Бегайым Қырғызбаеваның шәкірттері 7 ұпай жинап, топта екінші орынды иеленді. Осылайша олар С лигасындағы екінші орын алған үздік құрамалар қатарына еніп, олар плей-офф кезеңінің бірінші раундына өтті. Отандастарымыз Армения (3:0, 1:1), Беларусь (1:0, 0:1) құрамаларымен шеберлік байқасты.
Жарыс ережесі бойынша өтпелі матчтарда А, В және С лигасы құрамалары 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама үшін бақ сынайды. Бұл кезеңде жалпы есепте 7 тікелей жолдама және 1 құрлықаралық плей-офф жолдамасы сарапқа салынады.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы (U-16) Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан «Batumi Cup 2026» халықаралық турнирінде екінші кездесуінде тең түсті.
Біздің серіктес: Sport12kz