5 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына оралуы мүмкін
Ертең, 10 қазанда «Бернли» Англия Чемпионшипінде оныншы турда сырт алаңда «Уотфордпен» кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесуге қазақстандық Дастан Сәтпаевтың қатысуы мүмкін. Қазақстан құрамасының шабуылшысы жарақатынан толық айығып, команда қатарына қосылды.
Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысатыны 2025 жылдың ақпанында жарияланған еді. Қазақстандық шабуылшы ағылшын клубымен 2033 жылға дейін келісім жасаған. Transfermarkt дерегіне сәйкес, трансфер құны 2,4 млн еуроны құрады.
Футболшы шілде айында жаңа командасының жаттығуларына қосылып, маусым алдындағы бірнеше матчта алаңға шықты. Сол ойындардың бірінде Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты.
Оның трансферін бұған дейін толық рәсімдеуге футболшының кәмелетке толмағаны кедергі болған. Биыл Дастан Сәтпаев 18 жасқа толып, «Челси» сапына қосылып, лондондық клуб оны бір маусымға жалға беруге шешім қабылдады.
Біздің серіктес: Sport12kz