11 сағат бұрын
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ирландиядан ойсырай жеңілді
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ирландиядан 0:8 есебімен жеңілді.
Астанада өткен кездесуде қонақтар алғашқы минуттардан бастап басымдық танытты. 7-минутта Кира Каруса есеп ашса, араға тоғыз минут салып Клои Мустаки көзге түсті. 28-минутта Каруса тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды.
30-минутта Қазақстан құрамасының капитаны Юлия Мясникова қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осыдан кейін ұлттық құрама матчтың қалған бөлігін он ойыншымен өткізуге мәжбүр болды. Бірінші тайм аяқталғанша Эмили Мёрфи мен Эбби Ларкин де гол соғып, Ирландияның басымдығын 5:0-ге жеткізді.
Екінші таймда да ирландиялықтар шабуылын жалғастырды. 58-минутта Джейми Финн, 73-минутта Шанаде Хопкрофт мергендік танытты. Ал 90-минутта Джесси Стэплтон матчтың соңғы голын соқты. Есеп 8:0.
Енді қарымта матч 13 қазанда Ирландияның Корк қаласында өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша келесі кезеңге жолдама алған құрама Бельгия мен Польша арасындағы жұптың жеңімпазымен ойнайды.
Біздің серіктес: Sport12kz