8 сағат бұрын
«Ақтөбе» «Елімайды» жеңіп, төртінші орынға көтерілді
«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясында «Елімайдан» басым түсті.
Семейдегі «Спартак» стадионында өткен матчта қонақтар 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның 15-минутында Темірлан Ерланов есеп ашса, екінші таймның басында Шейи Оджо «Ақтөбенің» басымдығын еселей түсті. 83-минутта Бағдат Қайыров допты өз қақпасына бағыттап алды (автогол). Алайда 89-минутта Артур Шушеначев қарсылас қақпасынан саңылау тауып, матчтың қорытынды нүктесін қойды.
Осы жеңістен кейін «Ақтөбе» 45 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал 38 ұпайы бар «Елімай» алтыншы сатыда қалды.
Келесі турда семейлік клуб сырт алаңда «Атыраумен» кездессе, «Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасыны» қабылдайды.
Біздің серіктес: Sport12kz