6 сағат бұрын
«Тобыл» «Астананы» жеңіп, үш ұпай еншіледі
Қостанайдың «Тобыл» клубы Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясында өз алаңында «Астананы» 2:1 есебімен жеңді.
Матчтың бірінші таймында Амин Талал мергендік танытып, алаң иелерін алға шығарды. Үзілістен кейін Карло Бартолец есепті теңестірді.
Алайда Виталий Лисакович алыстан дәл соққы жасап, «Тобылға» жеңіс сыйлады.
Осы нәтижеден кейін қостанайлықтар 37 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында тұр. Ал «Астана» 48 ұпаймен үшінші сатыда қалды.
Келесі турда Мирослав Ромащенко бастаған «Тобыл» өз алаңында елорданың «Жеңіс» клубын қабылдайды. Ал «Астана» Павлодарда «Ертіспен» кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz