5 сағат бұрын
«Жеңіс» өз алаңында «Атыраудан» жеңілді
«Атырау» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясында Астанада «Жеңісті» 2:1 есебімен ұтты.
Бірінші таймда қонақтар екі гол соқты. Джордже Максимович қос голдың авторы атанып, дубль жасады.
Үзілістен кейін «Жеңіс» есеп айырмасын қысқартуға тырысты. Алайда 68-минутта Мади Хасейн екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Соған қарамастан, 79-минутта Андрия Филипович мергендік танытып, есеп айырмасын қысқартты. Бірақ «Жеңіс» матчтың соңына дейін есепті теңестіре алмады.
Осы жеңістен кейін «Атырау» 26 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орынға көтерілді. Ал 32 ұпайы бар «Жеңіс» сегізінші сатыда қалды.
Келесі турда «Атырау» өз алаңында семейлік «Елімайды» қабылдайды. Ал «Жеңіс» Қостанайда «Тобылмен» кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz