9 сағат бұрын
Месси мен Суарес дубль жасап, «Интер Майамиге» жеңіс сыйлады
«Интер Майами» MLS-тің кезекті турында «Ди-Си Юнайтедті» 4:0 есебімен жеңіп, бес матчқа созылған жеңіссіз сериясын тоқтатты.
10 қазанда Майамиде өткен кездесуде Луис Суарес 3 және 39-минуттарда гол соқты. Ал Лионель Месси 47 және 60-минуттарда мергендік танытып, дубль авторы атанды.
Осылайша, «Интер Майами» төрт тең ойын мен бір жеңілістен кейін жеңіске жетті.
Келесі турда Майами клубы өз алаңында «Нью-Йорк Сити» командасын қабылдайды.
Біздің серіктес: Sport12kz