10 сағат бұрын
«Қайраттың» экс-қақпашысы өмірден өтті
Қазақстандық футбол ардагері, КСРО спорт шебері Александр Убыкин 74 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Убыкиннің футболшы ретінде мансабында Алматының «Қайрат» клубымен тікелей байланысты. Ол 1976–1987 жылдары команда сапында өнер көрсетіп, КСРО чемпионатының жоғары лигасында 207 матч өткізді. Бірінші лигада тағы 50 матчқа қатысты.
Қақпашы «Қайратпен» бірге 1976 және 1983 жылдары КСРО бірінші лигасының жеңімпазы атанды. Алматылық клубтан бөлек, Ростовтың СКА және Павлодардың «Трактор» командаларында да доп тепті.
Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлікке бет бұрып, «Қайрат» жүйесінде қақпашыларды дайындады. Кейін Қазақстандағы спорт мектептері мен академияларында жас футболшыларды жаттықтыруға атсалысты.
Александр Убыкиннің есімі отандық жасөспірімдер футболында да сақталған. Freedom QJ League маусым қорытындысы бойынша үздік қақпашыға оның атындағы сыйлықты табыстайды.
Біздің серіктес: Sport12kz