8 сағат бұрын
«Каспий» соңғы минуттарда «Алтайдан» жеңісті жұлып алды
Ақтаулық «Каспий» Қазақстан чемпионаты аясындағы матчта өз алаңында өскемендік «Алтайды» 2:1 есебімен жеңді.
Матчтың 27-минутында Абылайхан Назымханов қонақтарды алға шығарды. Алайда 72-минутта ол екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осыдан кейін сан басымдығына ие болған «Каспий» есепті теңестіруге көп уақыт жұмсамады. 73-минутта Мақсат Тәйкенов алыстан соққы жасап, таразы басын теңестірді.
Ойынның негізгі уақыты аяқталғаннан кейін, 90+2-минутта Владислав Климович жеңіс голын соғып, ақтаулықтарға үш ұпай сыйлады.
Осы жеңістен кейін «Каспий» 33 ұпаймен турнир кестесінде 10-орынға көтерілді. Ал 25 ұпайы бар «Алтай» төменгі орындарда қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz