7 сағат бұрын
Самородов пен Кенжебек жоқ: «Ахмат» пен «Балтика» тең тарқасты
Ресей Премьер-лигасының тоғызыншы турында «Ахмат» өз алаңында «Балтиканы» қабылдады. Алайда Грозныйдағы ойын 0:0 есебімен аяқталды.
Матчта қос команда да қарсылас қақпасына он соққыдан бағыттады. Дегенмен дәл соққылар саны бойынша калининградтық клуб басым болды. Қонақтар үш рет қақпаға дәл соққы жасаса, алаң иелері екі рет соққымен шектелді.
Ахмат сапындағы шазақстандық шабуылшылар Максим Самородов пен Ғалымжан Кенжебек бұл кездесуге қатысқан жоқ. Екеуі де «Ахматтың» ойынға арналған өтініміне енбеді.
Осы нәтижеден кейін «Ахмат» 11 ұпаймен турнир кестесінде 11-орында қалды. Ал «Балтика» 12 ұпаймен жетінші сатыда тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz