12 сағат бұрын
«Қайрат» Конференция лигасындағы алғашқы ойыны алдында Ригаға аттанды
Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчы қарсаңында Латвияға жетті.
Клубтың баспасөз қызметі команда мүшелерінің Рига әуежайына келген сәтінен түсірілген фотолар мен видеоны әлеуметтік желіде жариялады.
Клуб мәліметінше, футболшылар Латвия астанасына жергілікті уақытпен 14:36-да барған. Ол кезде ауа температурасы +7 градус болған.
Енді қазақстандық команда алдағы кездесуге дайындық жүргізеді. Бұл «Қайраттың» 2026/2027 жылғы маусымда Конференция лигасының негізгі кезеңінде өткізетін алғашқы ойыны болмақ.
Біздің серіктес: Sport12kz