7 сағат бұрын
Отандық төрешілер УЕФА Конференциялар лигасының матчына тағайындалды
Фото: ҚФФ
Қазақстандық төрешілер бельгиялық «Гент» пен даниялық «Орхус» арасында өтетін УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі матчқа тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу 15 қазанда Гент қаласындағы «KAA Gent Arena» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 21:45-те басталады.
Ойынның бас төрешісі қызметін Болат Сәриев атқарады. Оған қапталдағы көмекшілер ретінде Сергей Васютин мен Денис Лабашов жәрдемдеседі. Төртінші төреші міндеті Саят Қарабаевқа жүктелді.
Бұдан бөлек, ойында VAR жүйесінің мамандары да жұмыс істейді. Бас төрешінің бейнекөмекшісі (VAR) болып испаниялық Хуан Мартинес Мунуэра, ал оның ассистенті (AVAR) қызметіне қазақстандық төреші Айдын Тасыбаев бекітілді.
Еске салсақ, Латвияның «Рига» командасы футболдан UEFA Конференция лигасы 2026/2027 жылғы маусымының бірінші турындағы қазақстандық «Қайрат» (Алматы) клубымен кездесуге футболшылар тізімін жариялады.
Біздің серіктес: Sport12kz