4 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында «Чарльтонға» қарсы ойнай ма?
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Англияның «Бернли» командасы сапында Чемпионшиптегі «Чарльтонға» қарсы кездесуге қатыспайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады.
Сәтпаев жарақатынан кейін 10 қазанда «Уотфордпен» сырт алаңдағы ойында алаңға оралған еді. Ол кездесу «Бернлидің» 4:0 есебімен жеңісімен аяқталған.
Қазақстандық ойыншы қосалқы құрамнан шығып, кездесудің соңғы бөлігінде ойнады.
Еске сала кетейік, 18 жастағы шабуылшы 2 қыркүйекте «Мидлсбромен» (1:1) ойында жамбасының артқы бетінен жарақат алған еді. Жарақатына байланысты ол бір айдан астам уақытты өткізіп алып, Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасына көмектесе алмады.
«Чарльтонмен» кездесу алдында «Бернли» Чемпионшип кестесінде тоғыз турдан кейін жеті ұпаймен 22-орында тұр. Қонақтар 13 ұпаймен 12-орында келеді.
Біздің серіктес: Sport12kz