Матч орталығы
КХЛ Хоккей Барыс Барыс 4:1 Аяқталды Автомобилист Автомобилист Чемпиондар лигасы Футбол ЛАСК ЛАСК 3:6 Аяқталды Ливерпуль Ливерпуль Чемпиондар лигасы Футбол Фейеноорд Фейеноорд 3:2 Аяқталды Комо Комо Еуролига Баскетбол Эфес Эфес 93:101 Аяқталды Бавария Бавария Еуролига Баскетбол Париж Париж 94:96 Аяқталды Виртус Виртус Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 0:1 Аяқталды Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол КПР КПР 4:1 Аяқталды Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 3:2 Аяқталды Шеффилд Шеффилд Чемпиондар лигасы Футбол Астон Вилла Астон Вилла 6:0 Аяқталды Фенербахче Фенербахче Чемпиондар лигасы Футбол Шахтер Шахтер 3:1 Аяқталды АЕК АЕК Чемпиондар лигасы Футбол Бетис Бетис 3:2 Аяқталды Порту Порту Чемпиондар лигасы Футбол Рома Рома 3:4 Аяқталды Реал Мадрид Реал Мадрид Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 2:4 Аяқталды ПСЖ ПСЖ Чемпиондар лигасы Футбол Слован Слован 0:3 Аяқталды Штутгарт Штутгарт Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 0:6 Аяқталды Вест Хэм Вест Хэм Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 1:0 Аяқталды Боруссия Боруссия НХЛ Хоккей Колорадо Колорадо 05:30 Бүгін Даллас Даллас Челленджер Цзинань Теннис Александр Шевченко Александр Шевченко 09:00 Бүгін Яи Дилан Хара Френд Яи Дилан Хара Френд Конференциялар лигасы Футбол Хайдук Хайдук 21:45 Бүгін Аякс Аякс Конференциялар лигасы Футбол Эгнатия Эгнатия 21:45 Бүгін Мидтьюлланд Мидтьюлланд

10 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ирландиядан жеңілгеннен кейін пікір білдірді

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ирландиядан жеңілгеннен кейін пікір білдірді

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Бегайым Қырғызбаева 2027 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінің плей-офф кезеңінде Ирландиядан жеңілгеннен кейін команданың ойынына баға берді.

Қарымта матч Ирландияның Корк қаласында өтіп, алаң иелерінің 4:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Бұған дейін Астанада өткен алғашқы ойында да Қазақстан құрамасы 0:8 есебімен ұтылған еді. Екі матчтың қорытындысы бойынша ирландиялықтар 12:0 есебімен басым түсті.

Бегайым Қырғызбаеваның айтуынша, қазақстандық футболшылар алғашқы таймда қарсыластың шабуылдарына төтеп беруге тырысқан. Алайда үзіліс алдындағы голдан кейін команда бірнеше қателік жіберген.

«Бірінші таймның көп бөлігінде қарсыласты тежеп, ұйымшыл ойнауға тырыстық. Бірақ үзіліс алдында гол жіберіп алдық. Бұл бізге ауыр тиді. Мұндай матчтар ойынның соңына дейін зейінді жоғалтпау керектігін көрсетеді.

Екінші таймда бірнеше қателікке жол бердік. Қарсыласымыз осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланды. Мұндай деңгейдегі командалар қателіктерді кешірмейді», – деді бас бапкер.

Сондай-ақ маман қарсыластар арасындағы деңгей айырмашылығына тоқталды. Ирландия әйелдер құрамасы Ұлттар лигасының А дивизионында өнер көрсетсе, Қазақстан С дивизионында ойнайды. ФИФА рейтингінде Ирландия 21-орында, ал Қазақстан 98-сатыда тұр.

«Екі команданың арасында үлкен айырмашылық бар. Ирландия А лигасында, біз С лигасында ойнаймыз. Рейтингте де арақашықтық айтарлықтай. Дегенмен даму үшін осындай мықты қарсыластармен кездесуіміз керек», – деді Қырғызбаева.

Осылайша, Қазақстан құрамасы екі ойынның нәтижесі бойынша Ирландиядан 0:12 есебімен жеңіліп, 2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі күресін аяқтады.


Біздің серіктес: Sport12kz