2 сағат бұрын
АПЛ командалары еурокубоктегі матчтарын жеңіспен аяқтады
Англияның «Борнмут» пен «Брайтон» клубтары еурокубоктердің негізгі кезеңінде өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Еуропа лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда «Борнмут» Австрияның «Штурм» командасын 3:0 есебімен жеңді. Голдарды 43-минутта Эванилсон, 76-минутта Райан және қосымша уақыттың 90+2-минутында пенальтиден Альфаро Родригес соқты.
Ал Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда «Брайтон» Литваның «Кауно Жальгирис» клубын 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Алаң иелері сапында Жоржиньо Рюттер 41 және 53-минуттарда гол соғып, дубль авторы атанды. Сонымен қатар Джек Хиншелвуд 45+2-минутта, ал Мэтт О’Райли 67-минутта қарсылас қақпасын дәл көздеді.
Біздің серіктес: Sport12kz