7 сағат бұрын
«Қызылжар» басшылығы Апсалямовты алмастыратын үміткер іздейді
Петропавлдың «Қызылжар» командасының басшылығы Әлішер Апсалямовты алмастыратын үміткерлерді тізімін жасақтай бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Олардың қатарында басқа клубтардың қазіргі басшылары бар. Атап айтқанда, жақын уақытта Бақжан Пазылхайыр («Қайсар»), Айдын Қожахмет («Жеңіс») және Ербол Қайыров («Оқжетпес») петропавлдық клубта басшылық қызметке келуі мүмкін.
Сонымен қатар, «Қызылжарда» Дидар Сыдықбек пайда болуы мүмкін деген ақпарат бар. Дегенмен, көп нәрсе маусымның соңына байланысты болмақ. Егер петропавлдықтар қалған матчтарды сәтті өткізсе, Әлішер Апсалямовтың өз қызметін сақтап қалуға мүмкіндігі болуы мүмкін.
Біздің серіктес: Sport12kz