4 сағат бұрын
«Ордабасы» алдағы маусымға жоспарын айқындады
Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Шымкенттік «Ордабасы» 2027 жылғы маусымға дайындық аясында оқу-жаттығу жиындарының (ОЖЖ) жоспарын бекітті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Маусым аралық дайындықтың бірінші кезеңін шымкенттіктер Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізеді. Екінші оқу-жаттығу жиынына команда Түркияға аттанады.
Бақылау матчтарындағы қарсыластар тізімі тиісті келісімдерге қол жеткізілгеннен кейін кейінірек жарияланады.
Чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда «Ордабасы» КПЛ турнир кестесін 64 ұпаймен бастап тұр. Екінші орындағы алматылық «Қайрат» төрт ұпайға (60 ұпай) артта қалса, көшбасшылар үштігін елордалық «Астана» (51) түйіндеп тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz