4 сағат бұрын
ҚФФ басшысы Ақтөбедегі салынып жатқан спорттық нысандарды аралады
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
«Ақтөбе» — «Ордабасы» матчы қарсаңында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровпен бірге жаңа стадионның құрылыс алаңына барды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мердігер ұйымның өкілі құрылыс барысы, жұмыстың қазіргі кезеңдері және жобаның техникалық ерекшеліктері туралы баяндады.
Сондай-ақ Марат Омаров жабық футбол манежінде болды. Бұл — Батыс Қазақстандағы бірегей спорт нысандарының бірі. Манеж ауа райына қарамастан, жыл бойы футбол жаттығуларын өткізуге мүмкіндік береді. 2024 жылы аталған нысан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырылған-ды.
Ақтөбе облысында спорт инфрақұрылымын дамыту, дене шынықтырумен айналысу мүмкіндіктерін кеңейту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл міндеттер Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту және спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып жатыр.
Жаңа стадионның құрылысы мен өңірдегі футбол инфрақұрылымын одан әрі дамыту отандық футболды қолдау, жас спортшыларды даярлауға қажетті жағдай жасау және өскелең ұрпақты спортпен тұрақты айналысуға тартуға бағытталған.
Біздің серіктес: Sport12kz