7 сағат бұрын
ҚПЛ: «Астана» елордада «Каспиймен» тең ойнады
Фото: «Астана» футбол клубы
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кейінге қалдырылған ХХІІІ турымәресіне жетті. Бұл турды елордада «Астана» - «Каспий» (Ақтау) командалары түйіндеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Астаналық клуб биыл үздік үштіктен көрінуді алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан әрбір кездесуге жауапкершілікпен қарап, жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырысады. Дегенмен олар бүгін тең нәтижеге қанағат білдіруге мәжбүр болды.
Кездесу барысында елордалық клубтан Марин Томасов 26-минутта гол соқса, ақтаулық клубтан , Диержон Арипов 68-минутта автогол авторы атанды. Оған «Каспий» сапынан Давид Эптон 23, Силла Кеба 35-минутта екі голмен ажуап берді.
Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Айта кетсек, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» Павлодардың «Ертісін» 5:0, Семейдің «Елімайы» жезқазғандық «Ұлытауды» 2:1 есебімен жеңсе, «Алтай» (Өскемен) - «Атырау» 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты.
Сондай-ақ 17 қазанда өз алаңында «Ақтөбе» Шымкенттің «Ордабасы» клубына 1:3 есебімен есе жіберсе, қостанайлық «Тобыл» Астананың «Жеңісін» 4:2, көкшетаулық «Оқжетпес» Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0, талдықорғандық «Жетісу» Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: Sport12kz