Матч орталығы
Алматы мужчины Теннис Михаил Кукушкин Михаил Кукушкин 2:0 Аяқталды Стефанос Сакелларидис Стефанос Сакелларидис А сериясы Футбол Монца Монца 4:0 Аяқталды Кальяри Кальяри Суперлига Футбол Трабзонспор Трабзонспор 2:0 Аяқталды Бешикташ Бешикташ Германия кубогы Баскетбол Альба Альба 83:71 Аяқталды Брозе Брозе Про-лига Футбол Аль Хиляль Аль Хиляль 1:0 Аяқталды Аль Хазм Аль Хазм Челленджер Форт-Уэрт Теннис Кайлан Бигун Кайлан Бигун 2:0 Аяқталды Патрик Захрай Патрик Захрай ТАУРОН лигасы, қыздар Волейбол Сокол Могилно (Қ) Сокол Могилно (Қ) 0:3 Аяқталды Бельско Бяла (Қ) Бельско Бяла (Қ) Сегунда Футбол Сельта Виго 2 Сельта Виго 2 1:1 Аяқталды Тенерифе Тенерифе А сериясы Футбол Парма Парма 0:3 Аяқталды Торино Торино Премьер-лига Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 3:1 Аяқталды Ковентри Ковентри Ла Лига Футбол Хетафе Хетафе 1:1 Аяқталды Райо Вальекано Райо Вальекано Примейра-лига Футбол Брага Брага 1:2 Аяқталды Жил Висенте Жил Висенте Нинбо женщины Теннис Юлия Путинцева Юлия Путинцева 10:00 Бүгін Диана Шнайдер Диана Шнайдер Алматы мужчины Теннис Заңғар Нұрланұлы Заңғар Нұрланұлы 11:30 Бүгін Томаш Махач Томаш Махач Алматы мужчины Теннис Фабиан Марожан Фабиан Марожан 13:50 Бүгін Тимофей Скатов Тимофей Скатов Чемпиондар лигасы Футбол Сабах Сабах 21:45 Бүгін Боруссия Боруссия Чемпиондар лигасы Футбол Фенербахче Фенербахче 21:45 Бүгін Славия Славия Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 23:45 Бүгін Портсмут Портсмут Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 00:00 Ертең АЕК АЕК Чемпиондар лигасы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 00:00 Ертең Вильярреал Вильярреал

6 сағат бұрын

Отандық мамандар УЕФА еурокубок матчтарына тағайындалды

Отандық мамандар УЕФА еурокубок матчтарына тағайындалды

Фото: ҚФФ

Қазақстаннан үш маман - Олжас Абраев, Александр Кеплин және Аян Әлжанов 2026/27 жылғы маусымдағы УЕФА клубтық турнирлерінің негізгі кезеңіндегі матчтарға тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Олжас Абраев УЕФА Чемпиондар лигасының «Фенербахче» (Түркия) мен «Славия» (Чехия) арасындағы матчында УЕФА делегаты қызметін атқарады. Кездесу 20 қазанда Түркияның Ыстамбұл қаласындағы «Шюкрю Сараджоглу» стадионында өтеді. Олжас Абраев 2013 жылдан бері УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылдан бастап ФИФА матч комиссары болып жұмыс істейді.

Қазақстан футбол федерациясы бас хатшысының орынбасары Александр Кеплин УЕФА Еуропа лигасындағы «Арарат-Армения» (Армения) мен «АЗ Алкмаар» (Нидерланд) арасындағы матчқа делегат болып тағайындалды. Ойын 22 қазанда Арменияда өтеді. Александр Кеплин 2018 жылдың наурыз айынан бері УЕФА матчтарының делегаты қызметін атқарып келеді.

Ал Қазақстан футбол федерациясының халықаралық департаментінің директоры Аян Әлжанов УЕФА Конференция лигасындағы «Иберия» (Грузия) мен «Мьельбю» (Швеция) арасындағы матчта делегат болады. Кездесу 22 қазанда Тбилисидегі Михаил Месхи атындағы стадионда өтеді.

Матч делегаты - жарыс кезінде УЕФА-ның ресми өкілі. Оның міндетіне матч алдындағы ұйымдастыру жиналыстарын өткізу, турнир регламентінің сақталуын, стадиондағы және оның сыртындағы қауіпсіздік талаптарын бақылау, сондай-ақ ойынға дейін, матч барысында және кездесуден кейінгі ұйымдастыру жұмыстарына қатысу кіреді.

Матч аяқталған соң делегат УЕФА-ға ойынның өтуі және белгіленген талаптардың орындалуы туралы есеп береді.

Қазақстандық үш маманның УЕФА-ның үш клубтық турниріндегі матчтарға қатар тағайындалуы - отандық футбол мамандарына деген сенімнің және олардың халықаралық деңгейдегі тәжірибесінің жоғары екенін көрсетеді.


Біздің серіктес: Sport12kz