6 сағат бұрын
Қазақстандық қақпашысы Чемпиондар лигасында «Боруссия Дортмундқа» қарсы ойнайды
Фото: «Сабах» футбол клубы
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов Әзербайжанның «Сабах» командасы құрамында UEFA Чемпиондар лигасы негізігі кезеңінің үшінші турында Германияның «Боруссия Дортмунд» командасына қарсы кездесуде негізгі құрамда алаңға шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесу бүгін, 21 қазанда Қазақстан уақытымен 21:45-те Баку қаласында өтеді.
Отандасымыз бұл кездесуде әзербайжандық командада капитандық міндет атқарады.
Өткен турда «Сабах» өз алаңында Чехияның «Славия» (Прага) командасын 2:1 есебімен жеңсе, «Боруссия Дортмунд» Норвегияның «Будё-Глимт» клубына 0:1 есебімен жол берді.
Біздің серіктес: Sport12kz