4 сағат бұрын
Чемпиондар лигасы: Стас Покатиловтың «Сабах» командасы «Боруссия Дортмундқа» есе жіберді
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турында Әзербайжанның «Сабах» командасы сапында Германияның «Боруссия Дортмунд» командасына қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл кездесуде отандасымыз негізгі құрамда алғашқы минуттан капитан ретінде жасыл алаңға шықты.
Кездесу барысында германиялық клуб сапынан Серу Гирасси 10, 53-минутта екі мәрте көзге түссе, оған әзербайжандық командадан Эйден Маккарти 39-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Сабах» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
Енді олар 4 қарашада сырт алаңда Норвегияның «Викинг» командасына қарсы өткізсе, сол күні «Боруссия Дортмунд» өз алаңында Испанияның «Бетис» клубымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Sport12kz