Матч орталығы
ЮС Опен, женщины Теннис Чжэн Циньвэнь Чжэн Циньвэнь 1:2 Аяқталды Елена Рыбакина Елена Рыбакина Чемпиондар лигасы Футбол Барселона Барселона 5:1 Аяқталды Фейеноорд Фейеноорд Чемпиондар лигасы Футбол Штутгарт Штутгарт 3:1 Аяқталды Викинг Викинг Чемпионшип Футбол Дерби Дерби 0:1 Аяқталды Вест Бромвич Вест Бромвич Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 2:1 Аяқталды Бирмингем Бирмингем Премьер-лига Футбол Рейнджерс Рейнджерс 1:0 Аяқталды Сент Миррен Сент Миррен Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 0:0 Аяқталды КПР КПР Чемпиондар лигасы Футбол ПСЖ ПСЖ 6:1 Аяқталды Слован Слован Чемпиондар лигасы Футбол Наполи Наполи 0:1 Аяқталды Арсенал Арсенал Чемпиондар лигасы Футбол Спортинг Спортинг 3:1 Аяқталды Галатасарай Галатасарай Чемпиондар лигасы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 2:1 Аяқталды Атлетико Атлетико Лига кубогы Футбол Челси Челси 6:3 Аяқталды Лидс Лидс Примейра-лига Футбол Морейренсе Морейренсе 0:4 Аяқталды Бенфика Бенфика Барранкилья женщины Теннис Варвара Лепченко Варвара Лепченко 0:2 Аяқталды Клер Лю Клер Лю Челленджер Шанхай Теннис Джи Сон Нам Джи Сон Нам 12:00 Бүгін Денис Евсеев Денис Евсеев КХЛ Хоккей Спартак Спартак 21:30 Бүгін СКА СКА Чемпиондар лигасы Футбол ПСВ ПСВ 21:45 Бүгін Шахтер Шахтер Чемпиондар лигасы Футбол Фенербахче Фенербахче 21:45 Бүгін Рома Рома Чемпиондар лигасы Футбол Бавария Бавария 00:00 Ертең Буде Глимт Буде Глимт Чемпиондар лигасы Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 00:00 Ертең Сабах Сабах

13.12.2024

Euro-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Албаниямен кездеседі

Euro-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Албаниямен кездеседі

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Албанияға қарсы өткізеді.

Ел құрамасы алтыншы топта Армения, Дания және Албаниямен шеберлік байқасады. Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алғандардың ішінен 8 үздік құрама өтпелі матч ойнайды.

Іріктеу кезеңі 2024 жылдың 13 желтоқсаны мен 2025 жылдың 12 наурызы аралығында болады.

Ел құрамасы 13 желтоқсанда сырт алаңда Албаниямен кездессе, 18 желтоқсанда өз алаңында Арменияны қабылдайды.

Ал 2025 жылдың 1 ақпанында сырт алаңда Даниямен ойнаса, одан кейін аталған құрамамен өз алаңында 5 ақпанда шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 7 наурызда өз алаңында Албанияны қабылдаса, 12 наурызда Армения құрамасына қонаққа барады.

Бас бапкер Рикардо Кака Албания мен Арменияға қарсы екі кездесуде тізімге 17 ойыншы енгізді.

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Лео Игита («Семей»), Нарун Серіков («Қайрат»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»);

Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангір Рашит, Арнольд Кнауб, Дамир Қайырбай (барлығы – «Қайрат»), Дуглас («Әл-Ула», Сауд Арабиясы), Шыңғыс Есенаманов, Ақжол Дәрібай, Әбдірәсіл Абдуманапұлы, Ержан Карменов (барлығы – «Семей»), Азат Валиуллин, Нұрмұхаммед Исмаилов (екеуі де – «Аят»), Лео Мендонка (РФШ, Латвия), Нұрқанат Бақтияров («Жетісу»).

Қазақстан құрамасы бұған дейін Еуропа чемпионаты финалдық сатысында үш мәрте сынға түсті. 2016 жылы - 3, 2018 жылы - 4 орын алды.


 


Біздің серіктес: Sport12kz