Матч орталығы
Премьер-Лига Футбол Ертіс Ертіс 0:2 Аяқталды Қызылжар Қызылжар Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 2:1 Аяқталды Астана Астана Премьер-Лига Футбол Елімай Елімай 1:3 Аяқталды Ақтөбе Ақтөбе КХЛ Хоккей Барыс Барыс 5:1 Аяқталды Авангард Авангард Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 0:1 Аяқталды Бирмингем Бирмингем Премьер-лига Футбол Арсенал Арсенал 2:1 Аяқталды Лидс Лидс Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 1:1 Аяқталды Бристоль Сити Бристоль Сити Премьер-Лига Футбол Қайрат Қайрат 1:0 Аяқталды Жетісу Жетісу Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 17:00 Бүгін Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао А сериясы Футбол Дженоа Дженоа 2:1 Аяқталды Фиорентина Фиорентина Бундеслига Футбол Унион Унион 1:0 Аяқталды Эльверсберг Эльверсберг Бундеслига Футбол Хоффенхайм Хоффенхайм 2:3 Аяқталды Гамбург Гамбург Бундеслига Футбол Майнц Майнц 3:4 Аяқталды Байер Байер Бундеслига Футбол Падерборн Падерборн 0:2 Аяқталды Штутгарт Штутгарт Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 2:2 Аяқталды Бавария Бавария Премьер-лига Футбол Сандерленд Сандерленд 0:2 Аяқталды Брайтон Брайтон Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 2:2 Аяқталды Брентфорд Брентфорд Премьер-лига Футбол Челси Челси 5:1 Аяқталды Борнмут Борнмут Чемпионшип Футбол Болтон Болтон 1:2 Аяқталды Сток Сток Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 1:2 Аяқталды Атырау Атырау

16.12.2024

Денис Махнёв – екі дүркін Қазақстан чемпионы

Денис Махнёв – екі дүркін Қазақстан чемпионы

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

24 жастағы павлодарлық шахматшы аз уақыт ішінде керемет жетістікке қол жеткізді: 19 қарашада Қазақстан Кубогын жеңіп алды, ал кеше классикалық шахматтан ел чемпионатында жеңіске жетті. Бұл – оның 2021 жылғы триумфынан кейінгі екінші чемпиондығы.

13 турдан тұратын шиеленісті сайыста Денис тұрақты ойын мен мықты мінезін көрсетті. 8,5 ұпай жинап, Жандос Агманов пен Әбілмансұр Әбділхайырмен бірінші орынды бөліскенімен, рапид пен блиц матчтарында қарсыластарын басып озды.

Бұл нәтиже Денистің ұлттық шахмат сахнасындағы көшбасшылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Енді оның қоржынында ел чемпионаттарының 5 медалі бар, оның ішінде 2 алтын.

Айта кетерлігі: керемет нәтижесіне (+4) қарамастан, Денис рейтингінен 4,4 ұпай жоғалтты. Бұл еліміздің кейбір жетекші гроссмейстерлерінің ұлттық турнирлерге қатыспау себептерінің бірі: мұндай бәсекелестік жағдайында рейтингті сақтау өте қиын.


Біздің серіктес: Sport12kz