16.12.2024

Денис Махнёв – екі дүркін Қазақстан чемпионы

Денис Махнёв – екі дүркін Қазақстан чемпионы

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

24 жастағы павлодарлық шахматшы аз уақыт ішінде керемет жетістікке қол жеткізді: 19 қарашада Қазақстан Кубогын жеңіп алды, ал кеше классикалық шахматтан ел чемпионатында жеңіске жетті. Бұл – оның 2021 жылғы триумфынан кейінгі екінші чемпиондығы.

13 турдан тұратын шиеленісті сайыста Денис тұрақты ойын мен мықты мінезін көрсетті. 8,5 ұпай жинап, Жандос Агманов пен Әбілмансұр Әбділхайырмен бірінші орынды бөліскенімен, рапид пен блиц матчтарында қарсыластарын басып озды.

Бұл нәтиже Денистің ұлттық шахмат сахнасындағы көшбасшылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Енді оның қоржынында ел чемпионаттарының 5 медалі бар, оның ішінде 2 алтын.

Айта кетерлігі: керемет нәтижесіне (+4) қарамастан, Денис рейтингінен 4,4 ұпай жоғалтты. Бұл еліміздің кейбір жетекші гроссмейстерлерінің ұлттық турнирлерге қатыспау себептерінің бірі: мұндай бәсекелестік жағдайында рейтингті сақтау өте қиын.

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында сенсация жасады

Футбол 5 сағат бұрын

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында сенсация жасады

Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды

Басқа 6 сағат бұрын

Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды

Беларусьтік «Легия» шабуылшысы Ілия Шкурин «Ақтөбемен» қарымта матчқа саяси себептерге байланысты келмейді

Футбол 6 сағат бұрын

Беларусьтік «Легия» шабуылшысы Ілия Шкурин «Ақтөбемен» қарымта матчқа саяси себептерге байланысты келмейді

Sold out: «Қайрат» - «Олимпия» ойынына билеттер толықтай сатылып кетті

Футбол 9 сағат бұрын

Sold out: «Қайрат» - «Олимпия» ойынына билеттер толықтай сатылып кетті

Қазақстан құрамасының белді футзалшысы Лео «Семей» клубына келді

Футзал 13 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының белді футзалшысы Лео «Семей» клубына келді

«Олимпия» бас бапкері Хорхе Симау: жолымыз болатынына сенемін

Футбол 14 сағат бұрын

«Олимпия» бас бапкері Хорхе Симау: жолымыз болатынына сенемін