Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

24.01.2025

Германия құрамасы бас бапкермен келісімшартын ұзартты

Германия құрамасы бас бапкермен келісімшартын ұзартты

Юлиан Нагельсманн ресми түрде Германия футбол құрамасымен келісімшартын 2028 жылға дейін ұзартты.

37 жастағы маман Германия құрамасын 2023 жылдан бері баптап келеді. Осы аралықта Нагельсманн тұсындағы құрама 19 матч өткізді (11 жеңіс, 5 тең ойын, 3 жеңіліс).

Сонымен қатар өткен жазда Юлианның жетекшілігімен Германия құрамасы өз жерінде өткен Еуропа чемпионатында ширек финалға дейін жетіп, жығылды.

Айта кетейік, неміс маманы осыған дейін «Бавария», «Лейпциг» және «Хоффенхайм» клубтарын жаттықтырған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»