18.02.2025

Бүгін Чемпиондар лигасында ширек финалға шыққан 4 команда анықталады

Бүгін Чемпиондар лигасында ширек финалға шыққан 4 команда анықталады

Фото: m.sports.ru

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы плей-офф сатысындағы қарымта ойындар өткізіледі. 

Алдымен 18 ақпанда сағат 22.35-те Италияның «Милан» командасы өз алаңында Нидерлендтың «Фейеноорд» клубымен шеберлік байқасады. Алғашқы кездесуде нидерландтық клуб 1:0 есебімен басым түскен еді.
Артынша 00:50-де «Бавария» (Германия) мен «Селтик» (Шотландия) жасыл алаңға шығады. Бірінші ойында германиялық ұжым аталған қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірген еді.
Аталған ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ал 00:50-де жанкүйерлер «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде «Бенфика» (Португалия) мен «Монако» (Франция) ойынын тамашалай алады.

Тағы бір ойында «Аталанта» (Италия) мен «Брюгге»( Бельгия) ойнайды. Бірінші кездесу 1:0 есебімен португалдық клубтың басымдығымен аяқталды. 

Сондай-ақ жарыстың аталған сатысында 19 ақпанда «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Брест» (Франция), ПСВ (Нидерланд) мен «Ювентус» (Италия), «Реал Мадрид» (Испания) пен «Манчестер Сити» (Англия), «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Спортинг Лиссабон» (Португалия) ойнайды.   


Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 13 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 14 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 15 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 15 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 16 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокс 16 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты