18.02.2025

Ойыннан кейін бір команданың екі футболшысы көз жұмды

Ойыннан кейін бір команданың екі футболшысы көз жұмды

Фото: Матч ТВ

Ресейдің Свердлов облысындағы «ПОЗ‑Прогресс» әуесқой командасының екі футболшысы ойыннан кейін бір күнде қайтыс болды. 

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

- Жігіттер, сендер мәңгі есте қаласыңдар. Сендердің арамызда жоқ екеніне сенгіміз келмейді. Жергілікті футболда өшпейтін із қалдырдыңдар, - деп жазылған хабарламада. 
Қайғылы жағдайдың қашан болғаны белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдары оқиғаның 15 ақпанда болғанын хабарлаған. 

«ПОЗ‑Прогресс» Свердлов облысындағы Жоғары Пышма қаласының әуесқой футбол лигасында ойнайды. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас